Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалына шықты.
Осы жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингте 84-орында тұрған жапониялық Нао Хибиномен кездесті.
Е.Рыбакина 6:3, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 5-ракеткасы, украиналық Элина Свитолина немесе рейтингте 12-сатыдағы Беларусь өкілі Арина Соболенконың біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.