Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты
Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты
© Сурет ғаламтордан
581
оқылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Ол Түркияның Элязыг провинциясындағы жер сілкінісінен зардап шеккен көптеген адам құрбандары мен зардап шеккендер туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады. "Сіздің қайғы-қасіретіңізді бөлісе отырып, барлық қазақстандықтардың атынан және жеке өз атымнан Сізге және бауырлас түрік халқына қайғырып көңіл айтамын. Алла тағала қаза тапқан адамдардың жандарын жәннаттық етіп, жараланғандарға тезірек жазылып кетуді нәсіп етсін", - делінген Президент жеделхатында. Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Түркияның екі провинциясында жер сілкінісі салдарынан қаза болғандардың саны 20-ға жетті. Элязыг провинциясы Сивридже қаласының маңында магнитудасы 6,8 баллдық жер сілкінісі жұма күні сағат 23.55-те (Нұр-сұлтан уақыты бойынша) орын алды.