Шетел асқандар 23,3 млрд теңге шешіп алды
Шетел асқандар 23,3 млрд теңге  шешіп алды
176
оқылды
Зейнетақы қоры сонымен қатар сақ­тандыру ұйымдарына 31,5 млрд теңге, мұрагерлерге 19,8 млрд теңге, ал жерлеуге 2,4 млрд теңге аударған. Бұл туралы БЗЖҚ баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетерлігі, осы жылдың қыр­күйегіне қарай Бірыңғай жи­нақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шо­тындағы зей­нетақы жинағының жалпы көлемі 12,2 триллион теңгеге жетті. Осы­лайша бір жылда зейнетақы жинақ­тарының сомасы 1,4 триллион теңгеге пара-пар немесе 13% өсті. Зейнетақы жинақ­тарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалып­­­тасып, 11,9 трлн теңге болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 294 млрд теңге, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақ­тарының сомасы 2 млрд теңгеден асты. Жыл басы­нан бері салым­шылардың шотына жалпы көлемі 685,6 млрд теңге зейнетақы жар­насы аударылған, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 8 процентке жоғары. Ал қор салымшыларының шотына 871,9 млрд теңге таза инвестициялық табыс есептелді, бұл былтырға қарағанда 443,1 млрд теңгеге көп.