Қыздар төбелесі: қылмыстық іс қозғалды
Қыздар төбелесі: қылмыстық іс қозғалды
437
оқылды
Облыстық білім басқармасы басшы­сының орынбасары Нұргүл Берті­леуованың айтуынша, оқушы қыздар төбелесіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Балалар мен ата-аналарға қандай шара қолда­ны­латыны тергеу аяқталып, сот шешімі шыққан кезде белгілі болады. Естеріңізде болса, оқиға 20 қыркүйек күні Кеңқияқ ауылында болған. 21 қыр­күйекте облыстық білім басқармасына бұл жағдай туралы мәлімет түскен. Нұргүл Бертілеуованың айтуынша, ау­дандық білім бөлімі, ішкі істер бөлімі мен прокуратураның зерделеу жұмысына байланысты облысқа ақпарат кеш жеткен. Үш директор өз еркімен жұ­мыстан кету туралы арыз жазғанымен, оларды орнынан босатпаған. Себебі дирек­торларды жұмыстан босату негізсіз екен. Алдағы аптада облыстағы аудан мектеп­терінде тәрбие жұмысы жүргі­зіледі. Егер тергеу аяқталған соң ди­ректорлар қызметін толық атқара алмаса, тиісті шешім қабыл­данады. Үстінен қылмыстық іс қозғалған қыздар төбелесі әлеуметтік желідегі ор­тақ чаттан бастау алған. Олар мес­сенджерде бір-бірімен сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан. Кейін­нен қыздардың кешірім сұраған видеосы желіде жа­рияланып, талқыға түскен еді.  

А.ЖОЛДАС