Тұрғындар талабын тыңдады

Тұрғындар талабын тыңдады

Nur Otan партиясының Рес­публикалық қоғамдық қа­был­дау бөлмесінде Білім жә­не ғы­лым министрі Асхат Ай­ма­ғам­бе­тов азаматтарды же­ке мә­се­ле­лерімен қабыл­дап, түсін­діру жұмысын жүр­­гізді. Еліміздің әр ай­ма­ғы­нан тұр­ғын­дар бей­не­бай­ланыс арқылы бай­ланыс­қа шы­ғып, сауалдарын жолда­ды.

Министрдің жеке қабыл­дауы­­на 13 адам жа­зы­­лып, кездесуге 9 адам келді. Со­­ны­мен қатар Орал, Екібастұз, Шым­­­кент қалаларынан 3 адам бей­­­неконференция арқылы бай­ла­нысқа шығып, сұрақ қой­­­ды. 1 сағатқа созылған қа­был­­­­дау барысында мұғалімді жұ­­­­­­мыс­қа орналастыру, оқуды қай­­­­­та жалғастыру, Қазақстан аза­­­­маттарының борыш жүк­те­ме­­­­сін азайту, этникалық қазақ жас­­­­тарының білім алуы және дайын­дық курстары жайлы мә­се­лелер кө­терілді.

Білім және ғылым министрі ке­­ліп түскен бірқатар сұраққа мар­­­дымды жауаптар қайтарды. Мә­селен, оқуын қайта жал­ғас­тыру мәселесі бойынша шы­­­ға­рыл­­ған сот шешімін министр­лік­ке жол­дауға кеңес берді. Министр мек­тептің материалдық жағдайы бойынша келген ата-аналардың шағымын тыңдап, мәселені өз ба­қылауына алды. 2 жыл сабаққа кел­мей, жоғары оқу орнынан шы­­ғ­ып қалған Қытайдан келген қан­­дасымыздың мәселесін ег­жей-тегжейлі тексеріп, қарас­тыру­ды БҒМ Жоғары және жо­ғары оқу орнынан кейінгі бі­лім де­партаментінің директоры Әділет Тойбаевқа тапсырды.

Қабылдау барысында проб­ле­малық сұрақтармен қатар, ұсы­ныстар да айтылды. Мысалы, Шым­кент қаласының тұрғыны ағыл­­шын тілін оңай үйретудің әдіс­те­месін дайындап, оны бі­лім беру ұйымдарының оқу бағ­дар­ламасына енгізуді ұсынды.

Қоғамдық қабылдауда өткен кездесу қорытындысы бойынша кел­­ген азаматтардың ресми өті­ніш­­тері қабылданып, қажетті шара­­ларды жүргізу жүктелді.

Айта кетейік, бүгінде қо­ғам­­­­дық қабылдау жұмысын же­­­­тіл­­діруге, кері байланысты кү­­­­шейтуге және халықтың мұң-мұқтажына байланысты жедел әре­кет етуге ерекше көңіл бө­ліну­де. Nur Otan партиясының Рес­пуб­ликалық қоғамдық қабыл­дау партиясының кеңесшісі Бауыр­жан Қасабековтің айтуын­ша, 9 айдың ішінде қабыл­дау бө­ліміне білім және ғылым мә­се­ле­лері бойын­ша 2 600-ден астам өті­ніш түскен. Үштен бірі оң шешімін тапты.


Әбілмансұр ЖАСАН