Әдетте адам интеллектісінің деңгейі оның шыққан тегі мен біліміне байланысты деп жатамыз. Бірақ әлемге танымал психолог Джеймс Флинн BBC Future тілшісіне берген сұхбатында адамның интеллектуалды мүмкіндігіне көптеген фактор, тіпті өмірлік серігіңді таңдағаныңа дейінгі жағдай да әсер етеді деп жауап беріпті.
Джеймс Флинн әлем жақында V ұрпақтың (1980 жылдардан кейін туғандар, олардың өсіп, жетілуі цифрлы технологияның қарқынды дамуымен қабаттаса өрбіді деп саналады) қолына тапсырылатынына алаңдайтынын айтқан. Жаңа Зеландияның Отаго университетінде дәріс оқитын профессордың алдына зияткерлік біліммен қаруланған студенттер жиі келеді, алайда олар іс жүзінде әлемнің күрделі тарихына мүлдем қызығушылық танытпайды.
«Бүгінгі жастар жаңа технологияларды қалай басқарудың барлығын біледі, бірақ сонысына қарамастан, университет қабырғасынан шыққаннан кейін олар кезіндегі өздерінің тар әлемімен шектелген ортағасырлық шаруалардан еш айырмашылығы болмай қалады»,–дейді Джеймс Флинн. Оның айтуынша, тарихи өлшемдерден хабары жоқ жас маман жаңа технология заманында да өз потенциалын көрсете алмайды.
Адамның IQ деңгейін зерттеген ғалымдар және бір ғылыми тұжырымға келіп отыр. Яғни, нәрестенің тез ойлау қабілеті, ең алдымен, анасының құрсағында жатып қоректенген тамағына байланысты. Егер анасы жүкті кезінде темекі тартатын болса, баласы да өсе келе шылымнан бас тарта алмайды дейді ғалымдар.
Жақында Флиннің «Әулетіңіздің абыройы арқылы бақытты бола аласыз ба?» атты кітабы жарық көрді. Профессор бұл еңбегінде адамның ойлау қабілеті уақыттың тезіне орай қалай өзгеріп жатқанын баяндайды. Сонымен қатар ғаламшардағы IQ деңгейінің біртіндеп жоғарылауының жұмбақ құбылысы жайлы сөз қозғайды. Флинн ескерткендей, IQ туралы айтқанда, бір халықтан екінші халықтың интеллектуалды артықшылығын да ескерген жөн. Мәселен, голландиялықтардың IQ деңгейі (ақыл-ой қабілеті, коэффициенті) отыз жыл ішінде (1934-1964) 20 балға көбейген. Десе де, психологтар адамның шыққан тегі оның ақыл-ойына өсе келе әсер ететінін жоққа шығармайды. Мәселен, балабақшадағы сәбиге берілген генетикалық сипаттамалар аса маңызды емес. Осы жаста сәбидің қалыптасуы үшін ата-анасымен сөйлесіп, оның бойында түрлі дағдыны қалыптастыру маңызды. Бұл тұрғыда АҚШ ғалымдары әлеуметтанудың ықтималдық теориясы бойынша баланың болашақ табысты болуын нәресте кезінен болжауға болатынын анықтады. Белгілі болғандай, IQ немесе дәлірек айтқанда, тез ойлау – бұл туа бітті қасиет. Сарапшылардың пікірінше, болашақ табысыңыз дәл осы ақыл-ой қабілеті коэффициентіне тәуелді. IQ деңгейіңіз жоғары болса, жалақыңыз да жоғары. Өйткені ақылды адам көп ақша табуды біледі деп тұжырым жасайды америкалық ғалымдар. Әрине, ақылды адамның барлығы бірдей дәулетті яки жалақысы жоғарылардың барлығы ақылды болады дегенге келісу де қиын. Оған мысалды алыстан емес, айналаңыздан-ақ тауып келтіруге болады. Дегенмен қазақтың «бермесе де – бай жақсы, жемесе де – май жақсы» немесе халық ертегілерінің «бай болып, барша мұратына жетіпті» деп аяқталатынын ескерсек, біздің ұлттың ұғымында да байлық – мұратқа жеткізер жол. Ал сіздің қалай байығаныңыз, қандай жолмен табыс тапқаныңыз туралы әңгіменің жөні бөлек.Алайда бір шындық бар – дамыған интеллект сіздің күрделі жағдайда шешімді ақылмен қабылдауыңызға кепілдік бермейді. Торонто университетінің маманы Кит Станович соңғы он жыл ішінде рационалды тест дайындауға қатысып, нәтижесінде, әділ, объективті емес шешім қабылдау көп жағдайда IQ деңгейіне ешқандай қатысы жоқ деген қорытындыға келген.
Адамның IQ деңгейін зерттеген ғалымдар және бір ғылыми тұжырымға келіп отыр. Яғни, нәрестенің тез ойлау қабілеті, ең алдымен, анасының құрсағында жатып қоректенген тамағына байланысты. Егер анасы жүкті кезінде темекі тартатын болса, баласы да өсе келе шылымнан бас тарта алмайды дейді ғалымдар. Сондай-ақ үйіңіз алып мегаполистің автокөліктер көп өтетін көшесіне жақын орналасқан болса да іштегі нәрестеңіздің ойлау қабілетіне қауіпті, себебі автокөліктен таралған қорғасын мен сынап сәбидің IQ деңгейін аз дегенде 24 ұпайға төмендетеді. Бұл да адам интеллектісінің дамуын зерттеген ғылыми жұмыста анықталған. Дегенмен психолог Джеймс Флинн адамның IQ деңгейінің көтерілуі немесе түсіп кетуі сол адамның өз-өзіне қойған талаптарына байланысты өзгереді деп болжайды. Профессор мысал ретінде бастауыш мектепте оқушыны өмірге табиғат құбылыстары мен физикалық заңдылықтар арқылы қарауға үйрететінін, осының негізінде адам біртіндеп заттар мен құбылыстарды жіктеп, логика ережелерін қолдана бастайтынын көрсеткен. «Яғни, біз балаларды әлемге «ғылыми көзілдірік» арқылы қарауға үйретеміз. Біздің білім беру жүйесі негізінен академиялық зияткерлікті жетілдіруге бағытталған. Оның кемшіліктері белгілі болғанымен, IQ немесе IQ адамның танымдық қабілеттерін өлшеу үшін негізгі құрал болып табылады. Біз өз миымызды жаттықтыруға және есімімізді нығайтуға көп күш жұмсаймыз, IQ жоғарылатуға тырысамыз. Алайда қоғамның даму тенденциясы өзгерген сайын біз соған бейімделуге мәжбүрміз», – дейді ғалым. Жалпы, Флинн тұжырымында, IQ-дің өсу қарқыны он жылда шамамен 11 балды құрайды. Айта кету керек, қазіргі күні 82 жасқа келсе де салауатты өмірден қол үзбеген ғалымның өзі бұл тұрғыда жақсы үлгі көрсетіп отыр. «Ми – бұлшық ет, сондықтан оны жиі жаттықтырып тұрған дұрыс» дейді ол. Оның айтуынша, егде жастағы адамдар күнделікті жаттығу жасай отырып, есте сақтау қабілетін жақсарта алады және ақыл-ой жұмысымен белсенді айналысады. Бұл мидың ұзақ уақыт белсенді күйде қызмет етуіне мүмкіндік бермек. «Нақты қиындық – адамдарды өз әлсіздігін мойындауға сендіру. Егер сіз өз өміріңізде өзіңіздің интеллектуалды артықшылығыңыздан бас тартсаңыз, бұл сіздің пайымдауыңыздың айқындығына теріс әсер ететінін мойындау қиын болады. Сократ айтқандай, ақылды адам ғана ештеңе білмейтінін мойындай алады» деп жазады өзінің «Әулетіңіздің абыройы арқылы бақытты бола аласыз ба?» атты еңбегінде психолог Джеймс Флинн. Осылайша, дәл қазіргі уақытта «Флинн эффектісі» деп аталатын IQ деңгейі құбылысын ашудың арқасында профессордың есімі әлемге танылып отыр.