ШҚО-да шенеунікке 40 миллион теңге айыппұл салынды
ШҚО-да шенеунікке 40 миллион теңге айыппұл салынды
© Сурет ғаламтордан
356
оқылды
«Шығыс Қазақстан облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысына қатысты үкім қайта қаралды», - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. 24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасының қаулысымен ШҚО энергетика және ТКШ басқармасының басшысы М. Х. Мұсатаевқа қатысты ақтау үкімі жойылды. "Ол ірі көлемде алаяқтық жасады деп танылып, мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырып, мемлекеттік награда - "Құрмет" орденінен айыру туралы ұсыныс енгізумен 40 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте. Бұған дейін хабарланғандай, Мұсатаев азаматтың 4 миллион теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын алдау жолымен иемденді деген күдікке ілінген болатын. Шенеунік кәсіпкерден оның ЖШС-ін Мемлекеттік сатып алу конкурстарының жеңімпазы деп тану мәселесін шешкенін айтып сендірген.