Қазақстан ғалымдары мен бизнесмендері ең қуатты автотрансформаторды таныстырды
Қазақстан ғалымдары мен бизнесмендері ең қуатты автотрансформаторды таныстырды
279
оқылды

2019 жылдың 4 қазанында Шымкент қаласында Орталық Азия мен Қазақстандағы қуаттылығы 63 МВА класты, 220 кВ кернеулі автотрансформатордың салтанатты тұсау кесері өтті.

 «Alageum Electric» компаниясы, «Энергия» ҚазОЭЖҒЗЖІИ АҚ және «Электродеталь» ЖШС кәсіпорындарыныңқұрамына кіретін Кентау трансформатор зауытыныңғалымдары мен инженерлері қуаттылыға жоғары автотрансформерді жасап шығарды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк «Өнімді инновацияларды ынталандыру» атты жобасын бірлесіп жүзеге асырды. Сол жоба аясында автотрансформатор 2017 жылы «Өнімді инновациялар консорциумының» бағдарламасы шеңберіне қолдау тапты.



Қазақстандағы алғашқы автотрансформатордың жобалаушысы, ҚР еңбек сіңірген энергетигі Сергей Соколов «Қуаттылығы 63 МВА автотрансформатор» Қазақстанға өте қажет, мұндай трансформаторларға деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Ал шетелдерде бұл трансформатор өзінің ерекшеліктеріне орай басқа да осындай трансформаторлармен бәсекеге түсе алады» - деді.

Кентау трансформатор зауытының автотрансформаторы қолданысқа дайын. Жақын күндері Түркістан облысымен іргелес үш ауданда – Келес, Сарыағаш және Мақтааралда электрэнергиясын бөле бастайды.