Антониу Гуттериш Таулы Қарабақтағы әскери күрестің қайта басталғанына алаңдаулы екенін мәлімдеді.
Ол қақтығыстан қарапайым тұрғындардың зардап шегіп жатқанына алаңдаулы.
«БҰҰ бас хатшысы екі тарапты дереу әскери қақтығысты тоқтатып, өзара бейбіт келісім жасау үшін келіссөзге шақырды» делінген Гуттериштің атынан БҰҰ баспасөз хатшысы жариялаған мәлімдемеде.
«Қазақпараттың» жазуынша, Антониу Гуттериш ЕҚЫҰ-ның Минск тобының төрағаларының рөлінің маңызды екенін атап өтіп, олардың жұмысын қолдайтынын мәлімдеді.
Ол екі тарапты «ешқандай күш қолданбай дереу келіссөз жүргізу» мақсатында серіктестікке шақырды.