"Жын шығарамын" деп ұлын өлтіріп алды
"Жын шығарамын" деп ұлын өлтіріп алды
311
оқылды

"Жын шығарамын" деген әке алты жасар ұлын өлтіріп алды. Ол баласының аузына ыстық су құйғанын мойындаған.

Аризонада полиция ұлын өлтірді деп айыпталған 31 жастағы Пабло Мартинесті қамауға алды. Бұл жайында РИА Новости хабарлады.

Тергеушілер Мартинес баласының аузына ыстық су құйғанын мойындағанын айтады. Ол өзінің бұл ерсі әрекетін "алты жасар ұлының ішінен жын байқағанын, оны қуып шығу үшін аузына ыстық су құю керек деп шештім" деп түсіндірген.

Ер адам ваннадағы ыстық су аққан кран астына баласының аузын тосқанын, ал ыстық су жынды шынымен де қуа бастағанын айтқан. Осылайша, ол баласын бес минуттан он минутқа дейін ұстап тұрған.

Паблоның әйелі полицияға қоңырау шалған, алайда оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары баланы төсекте жансыз күйінде тапты.

Сот құжаттарында Баннер университетінің медициналық орталығының бала денесінің 15% күйік шалғанын, сонымен қатар оның көз жұмғанын растаған қорытындысы тіркелген.

Мартинес қазір қамауда.

Өкінішке орай, мұндай қайғылы жағдайлар жиі кездеседі. Бұған дейін Өзбекстанның Наманган қаласында ажырасқан әке алимент төлемес үшін бір жасар баласын суға лақтырып, мерт қылғаны хабарланған болатын.