Жапония Айда зауыт салады

Жапония Айда зауыт салады

ТАСС-тың хабарлауынша, Жапонияның аэроғарыштық зерттеу агенттігі 2035 жылға қарай Айда зауыт салады.

Зауыт сутегі отынын өндіреді деген жоспар бар. Айдағы зауыт Жердің оңтүстік полюсіне жақын жерде орналаспақ. Мұз шөгінділері бар аймақтан ауызсу, оттегі, сутегі алынады. Сутегіні Айдың өзіне немесе ғарыш станциясының арасында ұшу үшін отын ретінде қолдануға болады деп болжам жасап отыр. Құрылысқа ғалымдардың алдын ала зерттеулері бойынша шамамен 37 тоннаға дейін су қажет болуы мүмкін.

Зауыт салынып, Жапонияның жобасы сәтті жүзеге асып жатса, Ай, ғарыш кеңістігін зерттеу оңай болады.