Мешіттің ашылу рәсімі қаланың бас имамы Еркінбек Шоқайдың Құран оқуымен басталды. Құранның батасын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жасады.
Айта кетейік, «Абдулла» мешітінің бас имамы болып Тыныштықбай Мырзаев тағайындалған.
Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимовтың айтуынша, бұл қаладағы 52-мешіт. Жаңа мешіттің ашылуымен қонақтарды құттықтаған ол Қасиетті жұма күні жамағатқа есігін айқара ашқан «Абдулла» мешіті қаламыздың көркіне көрік қосатын ордалардың біріне айналғанын айтып, өз қуанышын жеткізді.
[caption id="attachment_75495" align="aligncenter" width="1200"] Фото: muftiyat.kz[/caption]
«Абдулла» мешіті 3 қабаттан тұрады: 1-қабат 558 шаршы метр (5 қызметкер бөлмесі); 2-қабат 380 шаршы метр (неке залы, дәрісхана); 0-қабат 550 шаршы метр. Мешіт асханасы бір уақытта 250 адамға дейін қызмет көрсета алады. Мешіт дәретханасын бір мезетте 54 ер мен 25 әйел пайдалануына болады. Аулада аумағы 100 шаршы метрді құрайтын балаларға арналған ойын алаңқайы бар. Мешіт маңайындағы көлік тұрағы 80 көлікке арналған.