БҰҰ Таулы Карабахтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
БҰҰ Таулы Карабахтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
253
оқылды
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш Таулы Карабахтағы жағдайдың ушығуына байланысты мәлімдеме жасады, - деп жазады 24.kz. Гуттериш мәлімдемесінде Таулы Карабахтағы әскери қимылдардың қайта басталғанына алаңдаулы екенін мәлімдеді. Бас хатшы тараптардың күш қолдануын сынға алып, қақтығыстың қарапайым халыққа залалы тиетініне алаңдайтынын айтты.
«БҰҰ бас хатшысы екі тарапты дереу әскери қақтығысты тоқтатып, сындарлы келіссөз жүргізуге шақырады», - делінген Гуттериштің атынан БҰҰ баспасөз хатшысы жариялаған мәлімдемеде.
Антониу Гуттериш ЕҚЫҰ-ның Минск тобы төрағаларының ролінің маңыздылығын атап өтіп, олардың жұмысын қолдайтынын мәлімдеді. Ол екі тарапты «ешқандай күш қолданбай дереу келіссөз жүргізу» мақсатында серіктестікке шақырды.