Соңғы мәліметтерге қарағанда, Джонс Хопкинс университеті әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 1 миллионнан асты.
29 қырқүйектегі мәлімет бойынша коронавирустан көз жұмғандар саны 1 000 555-ке жетті.
Осы мәселеге қатысты БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш алаңдаушылық білдірді.
«Әлем аурудың шегіне жетті. Тұйыққа тірелді. COVID-19 пандемиясынан миллионнан астам адам қайтыс болды», – деді ол.
Оның айтуынша, пандемия дамыған әлемді бас-аяғы бір жылда орны толмас шығынға батырып, әлемдік экономиканы құлдыратты.
«Біз бұл қиындықты қателіктен сабақ алсақ, жеңе аламыз. Ғылымды дамытсақ, адамзатты аман сақтап қалуға болады», – деді БҰҰ Бас хатшысы.
Ол сондай-ақ пандемияны жеңуде жалған ақпаратпен күрес өте маңызды екенін атап өтті.