Жасөспірімдер қылмысы жиіледі
Жасөспірімдер қылмысы жиіледі
376
оқылды

Облыс орталығында жасөспірімдер арасындағы қылмыс соң­ғы кезде жиілеп кетті. Оған не себеп? Кәмелетке толма­ған­дармен жасалатын құқық­бұзу­шы­лық қайткенде азаяды? Ол үшін не істеу керек?

Бұл сауал қала әкімі Қайрат Досаевты да толғандырып отыр. Ал қалалық ПД Жергілікті поли­ция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Сәбит Мамытбековтің айтуынша, биылғы жылдың сегіз айында жасөспірімдердің құқық бұзғаны үшін олардың ата-анасы мен заңды өкілдеріне, сонымен қатар ересектерге 2 796 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл өткен жыл­­мен салыстырғанда 496 де­рек­­ке артқан. Биыл қала аума­ғын­да кәмелетке толмағандар ар­қылы 60 қылмыс жасалған, өт­кен жылы олардың саны 53 бол­ған екен. Басым көпшілігінде кәмелетке жасы толмаған жас­өс­пі­рімдер мүлік­тік қылмыс жаса­ған.

– Олардың өсімі 32,4 пайызды құ­рады, яғни 41 ұрлық дерегі, 7 де­регі – тонау. Қылмыс жасаған­дар­­дың ішінде мектеп қабырға­сын­да оқитын 26 оқушы – 21 қыл­мыс, орта арнаулы білім орда­сын­да оқитындар – 34 және еш жер­де оқымайтын жасөспірімдер 5 қылмыс жасаған. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатыс­ты жасалған 102 қылмыс тіркел­ген, оның ішінде өткен жылы – 64, яғни кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың 59,3 пайызға артқаны байқалды. Күнделікті рейдтік және алдын алу жұмыстары барысында Тараз қаласының полиция бөліміне 3 082 кәмелетке толмаған жасөспі­рім, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 231 жасөс­пі­рім жет­кізіл­ді, – деді полиция полков­нигі Сәбит Мұсабекұлы.

Бүгінде қалалық білім бөлі­мі­не қарасты 60 мектепте – 74 029, кешкі мектепте – 284, барлығы 74 313 оқушы білім алуда. Оның ішін­де 94-і – қылмыстық жазала­рын өтеу колониясында бас бос­тан­дығынан айырылғандар. Оқу­шылардың әлеуметтік, тұр­мыс­тық жағдайла­ры­на жүргізілген мони­то­ринг бо­йын­­ша белгілі болғаны: көпба­ла­лы жанұя – 6 632 (25 221 бала), аз қам­тыл­ған от­ба­сы – 3 588 (17 546 бала), жай­сыз отбасы – 66 (126 бала), толық емес отбасы балалары – 10 348 (ана­сымен бірге тұратыны – 8 428, тек әкесімен тұратыны – 917, қам­қорлықта – 530, туысқан не­месе ата-әжелері­нің қолында тұра­тыны – 473) болып отыр. Есепке алынған 55 оқушының 31-і құқық­бұзу­шы­лық фактілері­мен есепке алынса, ал қалған 24-і – қылмыстық әрекет­тері үшін қо­йылғандар. Есепке алынған оқу­­шылардың 21-і – толық отба­сы­нан, 34-і – толық емес отбасы ба­лалары. Полиция бөлім­ше­ле­рі­нің есебіне тіркелген құқық­бұзу­шылықтың басым бөлігін №2, 7, 10, 11, 28, 35, 38, 50 және кеш­кі мектеп оқушылары құрап отыр екен. Қалай дегенде де, бала­лардың бос уақытын тиім­ді пайдалану үшін жоғарыда атал­ған полиция бөлімдерінің есебіне алынған 55 оқушының сабақтан тыс уақыты білім бөлімі мен мек­теп­тердің қатаң бақы­лауы­на қойы­лып, 42-сі үйірме­лер­ге тар­ты­­лыпты.

«Кәмелетке толмағандар ара­сын­дағы қылмыс пен құқық­бұзу­шы­лықтың басым бөлігі талдау көр­сеткендей, аз қамтылған, жай­сыз отбасы балалары тарапы­нан және сабақтан тыс уақытта орын алған. Осыған байланысты оқу­шы­лардың бос уақытын тиім­ді пай­далану мақсатында жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағ­дар­ламалар бөлімімен бірлесе оты­рып, үйме-үй аралау жұмыс­та­рын жүргіздік. Себебі отбасын­да­ғы тұрақ­тылық пен ата-ана жауапкер­ші­­лігі болмаса, қоғам тарапынан алдын алу жұмыстары әлсіз болары сөзсіз. Сондықтан құ­қық­қорғау органдары тарапы­нан заңнама талаптарына сәйкес ата-аналар жауапкершілігін кү­шей­­туге байла­нысты жұмыс­тар­ға ықпал ету қажет етіледі. Жоғарыда атап өткен кем­шіліктердің бар бол­ға­ны мек­теп­терде профи­лак­ти­­калық жұмыс әлі де өз дең­ге­йін­де жүргі­зіл­мей жат­қа­нын көр­­сетеді. Құқық­бұзу­шы­лықтың ал­дын алу бағытын­дағы жұмыс­та­р­дың бір­ле­сіп, сапалы атқа­ры­луы басты на­зар­да болып, бақы­лауды күшейт­е­­тін болады», – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбарак Жинақбаева.

Дегенмен қала әкімі Қайрат Әс­кербекұлының №29, 26 және 11-орта мектептерде тәрбие ісіне байланысты атқарған жұ­мыс­тарға көңілі толмай отыр. Қай­рат Досаев №29 орта мектеп­тің ди­ректоры Г.Сламовқа және мек­теп инспек­торына, олардың құқық­ бұзу­шы­лықтың алдын алу, әскери-патриоттық тәрбиедегі ол­қылық­тарды және мектеп секция­лары мен үйірмелерінің жұ­мыс­та­рына көңілі толмай­ты­нын жеткізді. Сондықтан шаһар басшысы құқық қорғау органдары мен білім бөлімі­нің жасөспірімдер қылмысына қарсы күрестегі бір­лес­кен іс-әре­кеттерінің ма­ңыз­ына тоқта­лып, аталған мек­тептерде құқықбұзу­шы­лықты тексеру жөніндегі ко­мис­сия құру­ды, сондай-ақ қосым­ша мектеп секциялары мен үйір­ме­лерінің ашы­луына назар аудару­ды тап­сыр­ды.

Атап өтерлігі, №29 орта мек­теп теміржол өткелінің арғы бетін­де орналасқан. Сондықтан осы аумақ­та балалардың бос уақы­тын титімді пайдалануы үшін арнайы мектептен тыс іс-шара­лар өткізетін мекемелердің ашылуы да назарға алынып отыр.

 

Жамбыл облысы