Өңірдегі өзекті мәселелер нысанаға алынды

Өңірдегі өзекті мәселелер нысанаға алынды

Бұл сайлауалды бағдар­ламалардың жобалары еліміздегі өңірлердің, оның ішінде шалғай елді мекендердің тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша қалыптасқан нақты пробле­ма­лардың картасы негізінде әзір­леніп жасалған. Айталық, бір ғана Семей қаласының сайлауал­ды бағдарламасында өзекті деген бірқатар мәселе нысанаға алын­ған. Ендеше соларға жеке-жеке тоқталайық. «Қаланың дамуының 7 ба­сымдығы» атты бағдарла­ма­сы­ның алғашқы бөлімі «Эко­но­микалық тұрақты қала» деп ата­лады. Бұл бағдарлама бо­йынша өңдеу өнеркәсібі кә­сіпорындардың құрылысы, соның ішінде: 2021 жылы Восход кентінде (326 жұмыс орны) мультидақылдарды (күнбағыс, рапс, соя) өңдеу бойынша ав­томаттандырылған кешен салу; 2020-2021 жылдары Семей қаласында жұмыс істеп тұрған кә­сіпорында арнайы құрал-жабдықтарды құрастыру бо­йынша шеберханалар салу (100 жаңа жұмыс орны); 2021-2022 жылдары Новобаженово ауыл­дық округінде 1,2 мың басқа арналған тауарлы-сүт фермасын салу; Кәсіпкерлікті қолдау карталары жобаларын және «Өндіріс» индустриялық аймақта орналастыруға жоспарланған жобаларды іске асыру (2021-2022жж.) көзделді. Сондай-ақ өңірде 2025 жылы жа­лақы 23%-ға 139-дан 165 мың теңгеге дейін артады, жаңадан 10 мың­нан ас­там жұмыс орындары құрылады, жұмыссыздық деңгейі 5-тен 4,7%-ға дейін төмендейді. Екінші, «Жайлы қала» бағ­дарламасы бойынша тұрмыстық жағдайды жақсарту көзделіп отыр. Семей өңірінде 100 мың отбасы тұрады, оның 2 621-і көп­балалы отбасылар. 10 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Осыны ескере отырып, партия тұрғын үй құрылысын дамытуды басымдыққа қояды. Атап айтқанда, 2021-2025 жылдары жалпы ауданы 702,9 мың шаршы метрді құрайтын 133 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 9 мың отбасы жеке баспанамен қамта­масыз етілмекші. Сонымен қатар 2025 жылға қарай бір тұр­ғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткіші 21 шаршы метрден 24,3 шаршы метрге дейін жеткізіледі, соның арқасында 9 мың отбасы өз бас­панасын алады. Қала мен ауыл­дық елді мекендердің бар­лық тұрғындары таза ауызсумен қам­тамасыз ету, қалада инже­нерлік желілерді қайта құру және ха­лықты жылумен қамтамасыз ету де жоспарға енгізілген. Жолдардың сапасын жақ­сарту жұмыстары бойынша 2021 жылы Қарағайлы ықшамау­данына квартал ішіндегі кірме жолдарын салу, 2021-2023 жыл­дары қаладағы автомобиль көпірін қайта құру, 2025 жылға қарай «Семей қаласын айналып өту» автомобиль жолын салу және жыл сайын жолдарды жөндеуге 1,5 млрд теңге бөлу көзделіп отыр. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 2025 жылы 100% құрайды. Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында 16 жоба іске асырылады. Нәтижесінде, ауыл стандарттарымен қамтамасыз ету деңгейі 94,3%-ға жетеді. Ал экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 2021-2024 жылдары Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастық ая­сында жаңа қатты тұрмыстық қал­дықтар полигоны мен қал­дық­тарды қайта өңдейтін зауыт са­лынады. Соның арқа­сында аймақта қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 11,7%-дан 28%-ға дейін артпақ. Үшінші, «Әлеуметтік ба­ғытталған қала» бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында өңірде медициналық көмектің сапасын жақсарту көзделген. Қаланың кез келген тұрғынына сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін «2023-2024 жылдары Ұшақтар кентінде 200 орындық балалар қалалық ауруханасының құрылысы салынады. 2020-2021 жылдары ПТР-зертханалар санын 2-ден 4-ке дейін ұлғайту жоспарға енді. Нәтижесінде, нәрестелер өлімі 1 000 балаға шаққанда 5,8-ден 5,5 жағдайға дейін төмендейді. Ал жалпы өлім 10 мың адамға шаққанда 8,5-тен 8,2 жағдайға дейін азаяды. Білім алудың қолжетімділігін арттыру үшін өңірде балабақша, мектеп құрылыстары да жан­данбақ. «Nur Otan» партиясы ерекше қажеттіліктері бар адам­дардың құқықтарын қамтамасыз етуге және аға буынның белсенді өмір сүруіне жағдай жасауға ерекше назар аударады. Осыған байланысты оңалту орталық­тарының құрылысы жүргізіледі. Бұқаралық спортты дамытуға да жағдай жасалынады. Сол мақ­сатта қаланың спорттық инфра­құрылымын кеңейтуді мақсат етіп қойды. Нәтижесінде, спорт­тық инфрақұрылыммен қамта­масыз ету 26%-дан 36%-ға дейін артады. Төртінші, «Жастарға арнал­ған қала» бағдарламасы бойын­ша жыл сайын кем дегенде 2 мың жасты,  оның ішінде 520 адамды жас­тар тәжірибесі есебі­нен жұмысқа орналастыру көз­дел­ді. Нәти­жесінде, жастар ара­сын­дағы жұмыссыздық деңгейі 3,8-ден 3,5%-ға дейін төмендейді. Бесінші, «Тарих пен мәде­ниетті дамыту» бағдарламасы. Бұл бойынша Жидебай шат­қалында, «Қоңыр әулие» үңгі­ріне, «Мамай батыр» кесенесіне және басқа да маңызды орын­дарға саяхаттау арқылы қасиетті туризмді дамыту, ерекше тарихи және мәдени орындарға туристік бағыттарды ұйымдастыру және ұлттық спорт түрлерін, дәстүрлі өнерді дамыту қолға алынбақ. Алтыншы, «Ашық және есеп беруші жергілікті органдар» бағдарламасы. Жоспарға сай 2025 жылға дейін автомат­тан­ды­рылған мемлекеттік қызметтер үлесін 90,3%-ға дейін жеткізу, цифрлы экожүйені үдемелі дамыту арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен ха­лық­тың өмір сүру сапасын арттыру жұмыстары жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ тұр­ғындар арасында сыбайлас жем­қорлықтың алдын алу және ескерту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге азаматтық сектордың әлеуетін тарту, сы­байлас жем­қорлыққа қарсы көзқарасты қа­лыптастыруға, оның ішінде «Адал ұрпақ» мек­теп клуб­тарының жұмысын жетілдіру жұмыстары да назарға алынған. Жетінші, «Қауіпсіз қала» бағдарламасы қылмысқа қарсы іс-қимыл және қылмыстық жағдайлардың санын азайту, террористік қауіптер мен төтен­ше жағдайлардан қорғау сала­сындағы қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға ба­ғытталып отыр. Бағдарлама бойынша, сондай-ақ 2021 жылы ЕҚДБ аясында 136 көшеде жа­рық­тандыру жүйесін жаң­ғырту және 2021-2022 жылдар ара­лығында Ертіс өзенінің жаға­лауларын қорғау жұмыстары жүргізілмек. Аталған жұмыстар Семей қаласының сайлауалды даму жоспарына енгізілді. Айта кетейік, Жол карта­сының 216 жобасы жастар ара­сында, оның ішінде «Nur Otan» партиясының партияішілік праймеризіндегі пікірсайыстар алаңында да қызу талқыланып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, бұл бағдарлама бүгінгі таңда нақты күндері мен мақсатты инди­каторлары көрсетілген жоспарлы жұмыстардың ошағына айналып үлгерді. Айтпақшы, партияның баспасөз қызметі жал­пыреспуб­ликалық партияішілік прай­мериздің қорытындысы бойын­ша үздік идеялар мен шешімдерді жинақтай отырып, бағдарлама жобалары краудсорсинг қағи­даты бойынша пысықталатынын да атап өткен болатын. Өңір­лер­дің сайлауалды бағдарлама­лары­ның жобасымен primaries.kz. сай­тына кіру арқылы толы­ғырақ танысуға болады.  

Әбілмансұр ЖАСАН