Футбол Федерациясы шұғыл жиын өткізді
Футбол Федерациясы шұғыл жиын өткізді
5,459
оқылды

Қазақстан Футбол Федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков шұғыл жиын өткізіп, Әділетті ойынды сақтау комитетінің отырысын өткізуге үндеу жасады. Бұл туралы ҚР Футбол Федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды .

Отандық футбол жетекшісінің бастамасымен өткен кездесуге ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев, Төрешілердің сараптамалық комиссиясының төрағасы Сергей Кенетаев, сонымен қатар, ҚФФ заң департаментінің директоры әрі Integrity officer Әлібек Нұрсейітов қатысты.

Ең алдымен жиында УЕФА-дан түскен ақпарат туралы айтылды. Спорт саласында ақпарат жинап, талдау жасайтын Sportradar корпорациясы Еуропалық футбол қауымдастығына қазақстандық кәсіпқой футбол клубтарының ойындарында спорттық тартыстың қағидалары сақталмайтынын хабарлаған.

Sportradar корпорациясы - бәс тігуде күмәнді мәліметтерді талдайтын сараптамалық ұйым.

Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Біріншілігінің ойындары сол мәліметтерге іліккен. «Ақтөбе» футбол клубының жанынан құрылған «Ақтөбе-Жас» жастар командасының осы іске қатысы бар екені анықталған. Жиынға «Ақтөбе» командасының бас директоры Самат Смақов шақырылды.

Сонымен қатар,  талдықорғандық «Жетісу Б» командасының ойыншысының де осы іске қатысы бар екені анықталды. Әділетті ойынды сақтау комитетінің отырысы жақын арада өтеді.