Самат Сымақов: «Ақтөбенің» футболшылары келісілген матчтарға қатысады деген үш ұйықтасам түсіме кірмепті (видео)
Самат Сымақов: «Ақтөбенің» футболшылары келісілген матчтарға қатысады деген үш ұйықтасам түсіме кірмепті (видео)
362
оқылды

ҚазАқпараттың жазуынша, күні кешке Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков шұғыл жиын өткізіп, Әділетті ойынды сақтау комитетінің отырысын өткізуді ұсынған.

ҚазАқпараттың жазуынша, күні кешке Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков шұғыл жиын өткізіп, Әділетті ойынды сақтау комитетінің отырысын өткізуді ұсынған.

Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынға ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев, Төрешілердің сараптамалық комиссиясының төрағасы Сергей Кенетаев, сонымен қатар ҚФФ заң департаментінің директоры әрі Integrity officer Әлібек Нұрсейітов қатысты.

«Ең алдымен, УЕФА-дан түскен ақпарат туралы айтылды. Спорт саласында ақпарат жинап, талдау жасайтын Sportradar корпорациясы Еуропалық футбол қауымдастығына қазақстандық кәсіпқой футбол клубтарының ойындарында спорттық тартыстың қағидалары сақталмайтынын хабарлаған.

Sportradar корпорациясы — бәс тігуде күмәнді мәліметтерді талдайтын сараптамалық ұйым. Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Біріншілігінің ойындары сол мәліметтерге іліккен. «Ақтөбе» футбол клубының жанынан құрылған «Ақтөбе-Жас» жастар командасының осы іске қатысы бар екені анықталған», — делінген таратылған хабарламада.

Жиынға «Ақтөбе» командасының бас директоры Самат Смақов та шақырылған. «Сонымен қатар, талдықорғандық «Жетісу Б» командасының ойыншысының де осы іске қатысы бар екені анықталды. Әділетті ойынды сақтау комитетінің отырысы жақын арада өтеді», — деді Футбол федерациясынан.

 Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын Ә.Жақсыбеков клубтар мен төрешілерге үндеу жолдап, әділ ойын принциптерін қатаң сақтауға шақырған болатын. Өз кезегінде «Ақтөбе» ФК бас директоры Самат Смақов клуб өкілдерінің келісілген матчтарға қатысқандығын растады. Оның мәлімдемесі клубтың ресми сайтында орналастырылған.

 — Өкінішке орай, мен бірнеше ойыншының келісілген матчтарға қатысқандығы туралы ақпаратты растауға мәжбүрмін. Әңгіме Бірінші және Екінші лига матчтары жайлы. Осыған орай, барлық «Ақтөбе» жанкүйерлеріне қарата айтқым келеді. «Ақтөбе» эмблемасын төсіне тағып жүрген футболшылар келісілген мачтарға қатысады деген үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Бұл мен үшін үлкен «шок» болды. Бүгін Қазақстан футбол федерациясында болдым. Ол жақта барлық жағдайдан хабардар, жіті бақылауда ұстап отыр. Қысқасы – бәрі «Жетісу-Б» командасының капитанынан басталды. Ол «Ақтөбе-Жас» және «Ақтөбе-Ж» ойыншыларымен байланысқа шыққан, тіпті осында келген. Өзара бірнеше кездесу болған. Бұның бәрін Украина елінің адамдарының бақылауында болған. Күмән жаз бел ортасына келген кезде туындай бастаған еді. Бірақ біз нақты бір дәлел болмағандықтан ешқандай кінә арта алмадық. Қазіргі уақытта дәлелдер бар – ойыншылардың өз кінәларын мойындап жазған түсініктемелері алынды. Ең қынжылтатыны – осының бәрін біз үлкен сенім артып келген өзіміздің жергілікті ойыншыларымыз жасады. Оның үстіне клубтың дәл осындай қиын кезеңінде олардың осындай лас қадамға барып отырғандары көңілге үлкен қаяу түсіреді», — деді Самат Сымақов.

 Бірақ клуб басшысы талаптарды бұзған ойыншылардың есімдерін атамады.

«Адами факторларға байланысты олардың аты-жөндерін айтпауды жөн көрдім. Біріншіден, олар өз-өздерін жазалады. Екіншіден, маған олардың ата-аналары келіп, ұлдары үшін кешірім сұрады. Олар осы қаланың тұрғындары, әлі де тұра береді. Біздің кейбір жанкүйерлеріміз бұл жағдайды әртүрлі қабылдап жатыр. Осыған ерекше тоқтала кетсем. «Ақтөбе» жанкүйерлерінің ең жанқияр, ең үздік екендігіне ешкім де күмән келтіре алмайды. Бірақ таяқтың екі ұшы бар. Кейбір адамдар жағдайды толық білмей тұра сан-саққа жүгіртіп әкетті. Болмаған нәрсені болғандай етіп, айналадағының бәріне кінә артып жатыр, маған қарата да неше түрлі айыптарды қиып салды. Әсіресе, клуб ішінен резонанс тудырып, клубты «құртқысы» келіп жүрген жандар «тырысып-ақ» бағуда», — деді ол.

Сондай-ақ Смақов қордаланған мәселелер бар екенін, бірақ оларды әп-сәтте шешу мүмкін емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, ең бастысы, команда алдындағы жалақы берешегі жабылды. Қарыз сомасы клубтың бір жылдық бюджетіне таяп қалған болатын. Шынайы жанкүйерлерді клубты қандай жағдай болса да қолдауға шақырды.