Оралда баланың мәйітін қоқысқа төрт баласы бар әйел тастаған
Оралда баланың мәйітін қоқысқа төрт баласы бар әйел тастаған
249
оқылды

6 қазан Оралда сағат шамамен 10.00-де жаңа туылған нәрестенің мәйіті табылды. Сәбидің денесі қаланың ортасындағы Кердері көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің қоқысынан табылған. Куәгерлер баланың өлі күйде табылғанын айтады.

Баланың мәйіті целлофанға оралған күйі спорттық сөмкеге салып, қоқысқа тасталған. Құқық қорғау қызметкерлері қоқысқа жақын орналасқан подъездердің бәрін тексеріп, күдіктінің кім екенін тапты.

31 жастағы төрт баланың анасы сондай қадамға барған. Жүкті болған сәтінен бастап кезекке де тұрмай, тексерістен де өтпепті. Сараптама баланың өлімін анықтағанша әйел бостандыққа жүреді. Дегенмен полиция «Анасының жаңа туған баласы өлтіруіне» қатысты қылмыстық іс қозғады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібековтің айтуынша әйел баланы әжетханада босануы мүмкін. «Әйелдің өзі бала өлі туылды деп айтты. Алайда қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі уақытта аталған фактіге байланысты ҚР Қылмыстың Кодексінің 100 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» деді баспасөз хатшысы.