Нұр-Сұлтандағы ескі емхананы түрік инвесторы қайта салмақ
Нұр-Сұлтандағы ескі емхананы түрік инвесторы қайта салмақ
230
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық теміржол емханасының мәселесін қалай шешуге болатыны туралы айтты.

«Түйіткілдер бар. Қазіргі біздегі басты мәселе 1959 жылы салынған Орталық теміржол емханасы апаттық жағдайда тұр. Жабдықтардың 45 пайызы ескірген», - деді Көлгінов Президент қатысуымен өтіп жатқан елорданы дамыту бойынша жиында.

Қала әкімі үкіметтік деңгейде түркиялық инвестормен келіссөздердің жүргенін айтты.

«Ол өз ақшасына ғимаратты қайта салуға ниетті екенін жеткізді. Біз саяжайлар орналасқан жақтан аумақ қарастырамыз. Саяжайларды сырып тастаймыз. Келесі жылға инвестор үшін аумақ белгілеуіміз керек. Ол салуға әзір. Бұл 600 орындық емхана салу жайын шешер еді», - деді Көлгінов.