Сенат төрағасымен жүздесу
Сенат төрағасымен жүздесу
328
оқылды

Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның Ақтөбе облысына жұмыс са­пары аясында Nur Otan партиясының облыстық филиалында қоғам­дық қабылдау өтті. Қоғамдық қабылдауда Сенат төрағасы жергілікті тұр­ғындарды толған­дырған мәселелерге қанықты.

Сонымен қатар Елбасы, Nur Otan пар­тиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел аймақтарындағы азамат­тардың жедел мәселелерін шешу және сол үшін қоғамдық қабылдаулардың жұ­мы­сын күшейтуді Саяси кеңестің кеңей­тілген отырысында тапсырған бо­латын.

Қабылдау барысында ақтөбеліктер Пар­ламенттің Жоғарғы палатасының спи­керіне бірқатар аудандарда мектеп са­нының жетіспеушілігі, электр жа­ры­­ғы мен ауызсумен қамтамасыз ету, жолдардың жасалуы секілді т.б. мә­се­лелермен шағымданған еді.

Соның бірі – Әйтеке би ауданы Сұлу­көл ауылының тұрғыны Берік Сейіл­ханов. Ол 700-ге жуық жергілікті тұр­ғын шахталық құдықтан су алып ішу­ге мәжбүр екенін жеткізді. Сөйтіп, ол ор­талықтандырылған сумен жабдықтау құрылысын жүргізуге ықпал етуді сұра­ды. Тұрғын сауалына орай, келесі жы­­­­­лы республикалық бюджеттен 300 млн теңге бөліну жоспарлануда. Оған қо­са, Сенат төрағасы бұл мәселені Nur Otan партиясының жіті қадағалауында болатынын атап өтті.

Азаматтарды қабылдау бойынша қо­рытындылай келе, Парламент Сена­ты­ның төрағасы қабылдауға келіп түскен та­лап-тілектердің бірде-біреуі назардан тыс қалмайтынын және облыстың пар­тия мүшелері қадағалауында болатынын жет­кізді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Пре­мьер-министр Асқар Мамин Nur Otan партиясының республикалық қо­ғам­дық қабылдауында қабылдау өт­кіз­ген еді.