Алматыдан 140 шақырымда жер сілкінді
Алматыдан 140 шақырымда жер сілкінді
298
оқылды

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 9 қазан күні Алматы уақытымен 3 сағат 49 минут 20 секундта жер сілкінісін тіркеді.

«Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 140 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты — 14.0. MPV магнитудасы — 5.5.Тереңдігі — 10 км. Эпицентр бағыты 42.97° с.ш. 78.61° ш.б. Сезілу деңгейі бойынша Саты кенті — 3 балл, Алматы — 2 балл» делінген хабарламада.