Қазақстан 2019 жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 55 орыннан көрінді. Бұл туралы жаһандық экономикалық форумның баяндамасында жазылған.
Рейтингте жалпы есепте 114 мемлекет қаралған. Өткен жылы Қазақстан 59 орында болған еді.
2019 жылғы бәсекеге ең қабілетті мемлекет Сингапур АҚШ-ты (2-орын) да басып озды. Гонконг үшінші орында. Үздік бестік қатарына Голландия мен Швейцария кірді.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингі 103 индикатордан құралған. Әр индикаторда 0-ден 100-ге дейінгі ұпай қойылған, ол арқылы әр мемлекеттің экономикасы қаншалықты әлеуетті екені бағаланады. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді қамтитын негізгі элементтер: институттар, инфрақұрылым, АКТ енгізу, макроэкономикалық тұрақтылық, денсаулық, дағдылар, тауарлар нарығы, еңбек нарығы, қаржы жүйесі, нарық көлемі, бизнес динамикасы және инновациялық әлеует.
Қазақстан қаржы жүйелерін бағалау көрсеткішінде төмен позицияда: мемлекет бұл көрсеткіште 104 орында. Еңбек нарығы (25 орын) және бизнес динамикасы (35 орын) бойынша Қазақстанның көрсеткіштері жоғары. Денсаулық және инновациялық әлеуетте мемлекет 105 орында.