Праймериз – жаңа есімдерді танытты...
Праймериз – жаңа есімдерді танытты...
188
оқылды

Түркістан өңірлік коммуникация қызметінің жетекшісі Төребек Байтасов праймериз арқылы қоғам үлкен өзгерістерге қадам басты дейді. Бұл туралы ол өзінің фейсбуктегі жазбасында айтты.

«Сынау, сын айту – оңай. Бір сөзбен айтқанда, түк қиындығы жоқ. Бәрін бір мезетте жоққа шығара салу да аса қиын шаруа емес. Десек те, барды – бар, жоқты – жоқ деп айту қажет. Nur Otan партиясының праймеризі елімізде алғаш рет өткізілгенінің өзі үлкен жетістік деп ойлаймын. Өйткені, бұл тәсілді әлем елдері баяғыда-ақ жүзеге асырып, кең қолданып келеді. Біздің ел де жаңашылдыққа ұмтылып, жасампаздыққа жақындап жатса неге құптамасқа? Жалпы праймериз қоғамдағы белсенді топты бір сілкіндіріп алды. Елге адал қызмет етемін, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаймын деген жаңа есімдер танылды. Әсіресе, жалынды жастарымыздың көп екенін дәлелдеп берді. Мұндай сілкініс, қоғам болып қозғау бұрын-соңды байқалмап еді деп айтудан аулақпыз. Десек те, осы жолғы сілкініс ерекше болғаны әмбеге аян. Бәрінің көздегені – елдік мүдде, халықтық мақсат. Бізді қуантқаны осы болды. Рас, қоғамға қозғалыс қажет. Осы қозғалысты Nur Otan партиясы берді деп айта аламыз. Ең бастысы – жаңашылдыққа ұмтылыстың бары қуантты. Ел ішіндегі қаймақтарды, белсенділерді, білімділерді, мемлекетшіл азаматтарды праймериз анықтап алуға күш салды. Осы ретте мен Nur Otan партиясына үлкен ризашылығымды білдіргім келеді», – деп жазды Төребек Байтасов.