Елбасы Моңғолия Премьер-министрі Ухнаагиин Хүрелсүхпен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақстан мен Моңғолия тарихи жақын халықтар екенін атап өтті.
– Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мен Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қатынастарды нығайтуға тырыстым. Біз тарихи тұрғыдан жақын халықпыз. Моңғолияның жүз жиырма мың ұлты қазақ азаматы – бұл біздің елдеріміз арасындағы «тірі көпір». Сіз Қазақстанның Премьер-министрімен келіссөздер жүргіздіңіз. Сонымен қатар сіз бизнес-форумға қатысуды жоспарлап отырсыз. Бүгінгі таңда елдеріміз арасындағы сауда деңгейі өте төмен. Сіз барлық мәселені шешетініңізге сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Өз кезегінде Моңғолия Премьер-министрі Қазақстанның Тұңғыш Президентіне осындай жоғары деңгейдегі жылы қабылдауы мен кездескені үшін ризашылығын білдірді.
– Қазақстанда ресми сапармен жүргеніме өте қуаныштымын. Біздің кездесуіміз үшін сіздерге ризамын. Менің алғашқы сапарым қатынастарымызды тереңдетуге және оларды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Мен сіздің басшылығыңызбен Қазақстанның жетістіктерін жеке өзім көрге-нім үшін мақтанамын, – деді Ухнаагиин Хүрелсүх.
Сондай-ақ осы күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Хабар» телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев саяси жаңғыру процесі мен елдің даму болашағы туралы өзекті сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар Елбасы журналистерге өзінің жаңа жұмыс кестесі туралы айтып, Nur Otan партиясының жұмысын жандандырудың басым міндеттеріне тоқталды.