Ресей шекарасын қайтадан жабуы мүмкін
Ресей шекарасын қайтадан жабуы мүмкін
193
оқылды
Ресей коронавирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты шекарасын қайта жабуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Федерация Кеңесі әлеуметтік комитет басшысының орынбасары Валерий Рязанский мәлімдеді. Сенатордың айтуынша, тұрғындардың шет ел асып, елге оралуы вирусты жұқтырғандар санының артуына әкеп соққан. Сондықтан ол мемлекет шекараны қайта жауып, ұшу бағыттарын қысқартуы мүмкін екенін айтты. Айта кетейік, Қазақстан мен Ресей арасындағы әуеқатынас 21 қыркүйек күні қайта жанданған еді. Бүгінде көршілес елмен арада аптасына бір рет қана рейс ұшырылады. Жедел штабтың ақпарына сай Ресейде соңғы тәулікте коронавирусты 10888 адам жұқтырған. 117 науқас індетпен күресе алмай көз жұмыпты.