Сарапшы коронавирусты қайтадан қашан жұқтыруға болатынын айтты
Сарапшы коронавирусты қайтадан қашан жұқтыруға болатынын айтты
209
оқылды
Іргелі және трансляциялық медицинаның федералды зерттеу орталының жетекші ғылыми қызметкері  Александр Чепурнов коронавирусты қайтадан қашан жұқтыруға болатынын айтты,  деп жазады ТАСС.    Оның айтуынша, коронавирусты алғаш рет жұқтырған адам жаңа коронавирусты жарты жылдан кейін жұқтыруы мүмкін. Антиденелер 3-4 айдан аспайтын уақытқа ғана қорғаныс күшін түзе алады.
«Коронавирусты қайтадан жұқтыруға болады. Біздің бақылауымызша, шамамен жарты жылдан соң қайтадан жұқтыру тіркелген. Антиденелер түзіледі, алайда 3-4 айдан соң жойылып кетеді. Белгілі бір уақыт ішінде адамның өз жасушалық иммунитеті қорғайды, бұл иммундық жүйенің ең мықты жағы болып есептеледі, бірақ адамның бұл қабілеті тез қайтады», – деді Александр Чепурнов.
Ол коронавирусты қайтадан жұқтырғанда адамның біріншідегідей ауыратынын айтты.