Қазақстан халықаралық 16 әуе рейсін қысқартады
Қазақстан халықаралық 16 әуе рейсін қысқартады
5,212
оқылды
Қазан айының ортасына дейін Қазақстан 16 халықаралық рейсті қысқартады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов айтып берді.
«Әуе рейстерін қысқарту мәселесі қазір талқыланып жатыр. Қазір курорттық маусым аяқталып келеді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен курорттық қалаларға ұшатын рейстер бойынша қысқарту кестесі әзірленді. Менің ше бұл біздің азаматтарымызға қолайсыздық тудырмайды, өйткені ол жақта да күн суып, маусым жабылып жатыр. Қазан айының ортасына дейін 16 рейсті қысқарту жоспарланған. Әрі қарай, эпидемиологиялық жағдайға қарай шешім қабылдаймыз», - деп жауап берді Е. Қиясов журналистердің сұрағына.
Айта кетейік, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен қазанның 5-інен 6-сына қараған түні әуежайлар халықаралық рейс жолаушыларын жаңа ережеде қабылдай бастайды. Жолаушыларға сауалнама, термометрия және ПТР анықтама міндеттеледі.