Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді
Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді
336
оқылды
Қоқиқаздар ауа райы суытқанға дейін осында аялдайды. Мамандардың айтуынша, Қаракөлде 10 мыңға жуық қоқиқаз бар. Солардың 100 шақтысы ғана қыстауға қалады. Қалғандары Хазар қорығына немесе одан әрі Иран, Біріккен Араб Әмірлігі мен Үндістан жаққа қарай бет түзейді.  Қызғылт түстес, ірі денелі, әсем құстар негізінен тропикалық елдерде ұя салады. Қаракөл аумағы – Қызыл кітапқа енген қанаттылар тұрақтайтын мекен. Сондықтан да бұл жер табиғат қорғау инспекторларының жіті бақылауына алынған. «Үстірт» қорығы директорының орынбасары Жасқайрат Нұр­мұхаммедовтің айтуынша, қазір қанаттылардың көші жүретін кез. Қазан, қараша, желтоқсан айларына дейін болады. Ақпан, наурызда кері қарай ұшады. 100 шақтысы қыстап қалады. Сосын ұя салуға солтүстікке қарай ұшады.  

Жанна  ТІРКЕШБАЙҚЫЗЫ