Бішкекте ереуілшілер өз бетінше қаланың жаңа мэрін тағайындады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол парламент сайлауында жеңіліп қалған «Республика» партиясының үміткері Жоошбек Коеналиев. Бұл туралы қалалық муниципалитет хабарлады.
Айта кетейік, қазір мэрия ғимаратына оппозициялық партиялардың 30-дан астам өкілі жиналған. Олар қала басшысы кабинетіне жиналып, жиналыс өткізуге дайындалып жатыр. Ал шаһар басшысы Азиз Сұрақматовтың өзі жұмыс орнында жоқ.