«Ұлы Абайға тағзым!» қойылымы театрдың 87-маусымын ашады
«Ұлы Абайға тағзым!» қойылымы театрдың 87-маусымын ашады
359
оқылды

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ұзақ үзілістен кейін алматылықтар мен қала қонақтарына өз есігін айқара ашады. 87-ші театр маусымы ашылған күні театр сахнасында «Ұлы Абайға тағзым!» концерті шырқалатын болады.

– Театр 75 жылдан бері өз маусымын ұлттық музыкалық өнердің інжу-маржаны Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсымен ашып келеді. Осы жылы дәстүрді сақтап қалу мақсатында МАОБТ шығармашылық ұжымы қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушысының 175 жылдығына арналған «Ұлы Абайға тағзым!» қойылымында көрермен сүйіп тыңдайтын ариялармен, дуэттермен және «Абай» операсынан көріністермен қатар, қазақстандық композиторлар Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Сыздық Мұхамеджанов, Еркеғали Рахмадиев, Нұрғиса Тілендиев, Қапан Мусиннің әндері мен романстарының премьералық орындаулары да болады. Бұл туындылар симфониялық оркестрдің әуенімен бұрын-соңды орындалған емес. Сондықтан жаңа аранжировка мен әндердің жаңаша оқылуы тыңдаушыларымыздың жүрегіне жетіп, ұлттық вокалдық мұраның алтын қорын айтарлықтай байыта түседі деп үміттенеміз, – дейді директор Ая Қалиева. Қазан айының жақын күндері көрермендерді ресейлік режиссер Алексей Смирнов пен суретші Елена Бодрованың дуэтіндегі, Григорий Фридтің «Анна Франк күнделігі» моно операсының көптен күткен премьерасы күтіп тұр. Спектакль 13 жасар жасөспірім қыздың күнделігі негізінде қойылды, ол соғыстың адамгершілікке жатпайтын бет-бейнесін әшкерелейтін үлкен адамзат трагедиясының тарихи құжатына айналды. 2020 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл және Анна Франктың өмірден өткеніне 75 жыл толды. Бала күнделігінде жазылған жазбалар тәжірибелі ақын-жазушылардың шебер жазған кітаптарынан бетер әлі де барлық жастағы және ұлт оқырмандарын таң қалдырады. «Анна Франк күнделігі» дүниежүзілік мәдени қазынаға айналды, 70 тілге аударылып, ЮНЕСКО бағдарламасының «Әлем жады» тізіміне енгізілді. [caption id="attachment_77703" align="alignnone" width="1200"]Абай ©А. Халин[/caption] – «Драмалық түрде опера» қараңғылықтан жарыққа дейін құрылған, дегенмен сюжет керісінше. Контраст алғашқы ноталардан-ақ сезіледі: кейіпкердің мектеп туралы, оқу туралы бейқам сөздері жақын трагедияның бастаушысын білдіретін дыбыстық өрістің күрделі ағынымен бірге жүреді. Одан әрмен, операның мәтіні болып жатқан оқиғалардың қасіреттері туралы баяндаған кезде, шығарманың музыкалық бөлігі, керісінше, адамның рухани әлемін бейнелейтін, оның болып жатқан трагедиясымен қарама-қайшы келеді. Операның музыкалық тілі қарапайым емес, өйткені ол классикалық және заманауи композиторлық стильдердің тоғысында жазылған. Сондықтан басты кейіпкердің партиясын орындаушылардан жақсы вокалдық дағдыны талап ететін өте күрделі деп бағалауға болады. Партияның эмоционалды компоненті де оңай емес. Себебі музыкалық желінің көмегімен композитор жасөспірімнің көңіл-күйіндегі айырмашылықтарды: лирикалық сезімдерден жамандыққа, көңілділіктен қайғы мен трагедияға жеткізеді, – деп түсіндірді Ая Қалиева. Операдағы басты партияларды МАОБТ солистері Венера Алпысбаева (сопрано) және Надия Наденова (сопрано) орындайды. Операның қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедьяров. Театр көрерменмен көптен күткен кездесуге дайындалып, оның қауіпсіздігіне қамқорлық жасай отырып, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және көрермендер залында отырудың жаңа жағдайларын қарастыратын қосымша келу ережелерін енгізді.