Әлемде коронавирус жұқтырғандардың нақты саны ресми түрде расталған диагноздан 20 есе көп болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».
Яғни ауырғандардың жалпы саны 780 миллион адамды құрауы ықтимал. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар қызметінің басшысы Майк Райан осындай мәлімдеме жасады. Айта өтейік, ресми дерек бойынша бүгінге дейін 35 миллион адамнан қауіпті вирус анықталды. Бір миллионнан астам азамат оның құрбаны болды.
"Оңтүстік-Шығыс Азияда Еуропадағы секілді вирус жұқтыру деректері әлі де артып жатыр. Инфекцияға шалдығу мен өлім-жітім көрсеткішінің өсімі Шығыс жерорта аймағында да байқалады. Ал Африка мен Тынық мұхитының батыс бөлігінде жағдай айтарлықтай тәуір. Жалпы біздің есебіміз бойынша жер бетіндегі халықтың шамамен 10 проценті коронавирус жұқтырған болуы мүмкін, - дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар қызметінің басшысы Майк Райан.