Қазақстан жастар құрамасының 19 жасар ойыншысы Дмитрий Бачек испан клубының ойыншысы атанды.
Бұдан былай жерлесіміз Испанияның үшінші дивизионындағы «Унионт Депортива Поболенсе» клубында өнер көрсететін болады. 1935 жылы құрылған клуб Балеар аралының Ла-Пуэба қаласында орналасқан. Клуб өзінің тарихында бірде-бір рет жоғарғы лигада өнер көрсетпеген.
Дмитрий Бачек Қарағандылық «Шахтер» клубының түлегі. 2019 жылдың соңында ол өз клубынан кетті.