Праймериз мен үшін жаңа тәжірибе алаңына айналды
Праймериз мен үшін жаңа тәжірибе алаңына айналды
252
оқылды
Бұл саяси дода біріншіден, әртүрлі жастағы, түрлі саладағы, түрлі әлеуметтік жағдайдағы көптеген партиялас азаматтар мен азаматшаларға өздерін ел алдына ұсынып, толыққанды, жан-жақты көр­сетуге мүмкіндік сыйлады. Екіншіден, праймеризге қатысқан үміткерлерді толық зерттеп, зерделеп, халыққа өз таңдауын жасауына жеткілікті уақыт берілді.  Үшіншіден, бұл  партия ішіндегі іріктеуден өткен нағыз мықтыларды, халық таңдауынан өткен үміткерлерді (оның ішінде жастар да бар) келесі жылы өтетін  сайлау науқанына дайындау. Праймериз мен үшін жаңа тәжірибе алаңына айналды. Болашағыма, қазіргі өміріме, өзіме жаңаша көзқарас қалып­тастыруға түрткі болды. Өзімді халықтың алдында тұлға ретінде көрсететін, сы­найтын мүмкіндік алдым және өз мүмкіндігімді жібермеуге тырысып бақтым. Маған праймериз өте жақсы әсер қал­дырды. Өздеріңіз парақшамнан көріп отырғандай, осы аралықта халық­пен қан­шама кездесу өтті. Мен әр кездесуден кейінгі халықтан түскен сұрақ-өтінішті бірден партияның қала­лық филиалына жазбаша түрде жеткізіп отырдым. Бар­лығы 84 сұрақ-өтініш түсті, олардың партия тарапынан жауап­сыз қал­май­тынына сенімдімін. Тағы әсер қал­дырған дүние ол дебатқа қатысу болды. Шы­нымды айтайын, қатты қобалжыдым. Пікірталас жақсы, ойда­ғыдай өтті деп ойлаймын. Уақы­тымызды дұрыс пай­далана білдік, қыс­қаша түрде бағ­дар­ламамызбен та­ныстырдық, сұрақ-жауап бөлімі де сәтті өтті. Бір үлкен сын­нан, ем­тиханнан өткендей әсер алдым. Теңізге тамған тамшыдай болса да, әркім қоғамға өз үлесін қосса екен, пай­дасын тигізсе екен деймін. Прай­ме­риз аяқталысымен өмір тоқтап қал­майды. Осы аралықта жинақталған тәжі­рибе­­мен, жақсы ойлармен, жаңа мүм­кін­діктермен өзімізге-өзіміз серпі­ліс беріп, әрі қарай тек жақсылыққа, жаңа­шыл­дық­қа ұм­тылайық, достар. Елдің бола­шағы мен қа­рапайым халық­тың тағды­ры – осы сыннан сүрінбей өткен үміт­кер­лердің жауапкершілігінде. Сол се­бепті билік басына нағыз пат­риоттар келсе екен деп тілеймін. Сонда ғана біз мәңгі­лік ел боламыз. Прайме­ризге бірге қа­тыс­­қан барлық партия­ластарыма рақмет айта­мын. Праймериз­ді ұйым­дастырған, бәріміздің басымыз­ды қо­сып, барлық іс-шара­лардың басы-қасында жүрген «Nur Otan» пар­тия­cының барлық қыз­мет­керлеріне риза­шылығымды білді­­ремін.  

Данияр ҚОЖАХМЕТОВ, Арқалық қалалық жастар ресурстық орталығының психолог маманы