Бауыржан Байбек Ян Сяодумен кездесті

Бауыржан Байбек Ян Сяодумен кездесті

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі, ҚХР Мемлекеттік бақылау комиссиясының төрағасы Ян Сяодумен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, 2014 жылы қоғамдық кең көлемдегі талқылаудан кейін 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл партиялық бағдарламасы қабылданды. Кейін ол Қазақстан Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізіне айналды. Nur Otan-ның бастамасымен «Ақпаратқа қол жеткізу таралы», «Сы­бай­лас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл туралы», «Қо­ғам­дық кеңестер туралы» және тағы басқа заңдар қабылданды. Жақын күн­дері партиялықтар Сыбай­лас жемқорлықты қабыл­дау ұлттық индексін жария­лайды.

Өз кезегінде Қытайдың билеуші партиясы да сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, пар­тияның ішкі қыз­метін реформалау бойынша ау­қымды жұ­мыс жүргізіп жатыр. Олар қарапайым аза­мат­­­тар­дың мүддесі үшін қыз­­мет ететін ашық әрі жауап­кершілігі жоғары, сы­­байлас жемқорлық пен бюрократизммен кү­ресу­дің тура және тия­нақты бағы­тын ұстанып отыр.

– Қазір алдымызда эко­но­микалық дамуды жалғас­тырып, азаматтардың та­­лап­тарына жауап бере­тін реформаларды ен­гізе отырып, елдегі тұрақ­ты­лықты сақтау міндеті тұр. Сондықтан партиялық ба­қылау, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес, кадр­лардың деңгейін өсіру және жастарды тарту мәсе­лелерінде тәжірибе ал­масу­дың маңызы зор, – деді кездесу барысында Ян Сяоду.

 

Ерке ЕРҚОҢЫР