Зообаққа төнген зауал

Зообаққа төнген зауал

Cоңғы кездері «Қазақ­стан­­­­­дағы зообақтар мен цирк­­­­­­­тар хайуанаттарға қауіп төн­­­­­­діретін ортаға айналып ба­ра­­ды», «біздегі зообақтар ес­­кір­­ген, инфрақұрылым ақ­сап тұр, торлардың ахуалы адам шо­шырлық жағдайда» деген са­рындағы зообақ ту­­­ралы ай­тылған теріс пікір­­лер­ді жиі ес­т­іп жүрміз. Мұ­ның бәрі Қа­зақ­­­стандағы зоо­­­бақтардың жұ­­мы­сына кө­ң­і­лі толмаған адам­­дар­дың наразылығынан туын­дап отырғаны белгілі. Тіп­ті әлеу­­мет­тік желіде бұл мә­­­­се­ле бір емес, бірнеше рет тал­­­қы­лан­ды. Бұл актуал­ды мә­­­селе бойынша маман­дар­­дың да ойын білген бола­тын­быз.

– Жануарларды сақтау бо­йын­ша зоологиялық парктер өте тиімді. Тек оларды барынша дамы­тып, ондағы жануарларды сақтап, коллекциясын көбейту керек. Мемлекеттiк зоологиялық парктердiң негiзгi қызметiне Қа­­зақстанның жануарлар дүние­сiн сақтаудың, молықтыру мен пай­да­ланудың, дүниежүзiлiк ма­ңы­зы бар Қазақстан фауна­сы­ның ресурстарын игерудiң ғылыми негiздерiн әзiрлеу жатады. Аталған заңнамаға сәйкес зоологиялық парктер жануарларды сақтау бо­йынша барлық талапты сақ­тауы тиіс. Жануарлардың қауіп­­сіз­дігіне зоологиялық парк­тер­дің әкім­ші­лігі жауапты. «Жануар­лар­ды еріксіз және жартылай ерікті жағ­­дайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес зоологиялық парктер барлық күту талабын орындауы қажет, – дей­ді Орман шаруашылығы және жан­уар­лар дүниесі комитетінің бас­пасөз хатшысы Сәкен Ділдах­мет.

Зообақтың жұмысына көңілі толмайтын жанның бірі – Асан Анарбайұлы. Алматы қаласының тұрғыны хайуанаттар бағының жұ­мысы жоғары деңгейде болуы керек, зообақ қызметкерлері жан-жануарларға жақсы күтім жа­­сай алмаса, оларға жеткілікті деңгейде табиғи орта ұсына ал­маса, оны жабу өте дұрыс ше­шім деп отыр. «Жануарларды көр­гісі келген адамдар ұлттық қорық­тар­­ға барып та тамашалай алады» дейді ол.

Иә, жан-жануарлар қауіп­сіз қоршалған аймақта өмір сүрсе, суықта тоңбаса, аштық­ты сезінбесе, ыстықтан зардап шек­песе дейсің. Міне, осындай жағ­дай­лар жасалса ғана хайуанаттар бағын жануарлар үшін жайлы орын деп айтуға болады. Бір сөз­бен айтқанда, зообақ әуелден сырт­қы әлемнің барлық қауіп-қатерінен қорғалған, бейбітшілік пен тыныштық мекені емес пе еді.

Құсбегі Руслан Абыл еліміздегі зообақтарға қатысты сыни пікір­лер­дің айтылуы орынды деп са­най­ды. Қайта сол ескертпелер арқы­лы нақты жұмыстар жаса­лып, ондағы қызмет сапасы да артатынын тілге тиек етті.

– Қаланың тұрғындары ауыл­дағыдай жан-жануарларды та­би­ғатта тірілей көп көре бер­мейді. Сондықтан зообақтар олар үшін қызық. Бұрын көрмеген, тек қана теледидардан көрген тір­шілік иелерін жақыннан кө­ру­дің әсері бір бөлек. Егер зообақтағы жағдайлар тұрақты болса, аңдардың күтімі де жақсы болса, онда келушілердің саны да көбейеді. Осы ретте зообақ бас­­шылығына ұсынысымды айта ке­тейін. Жануарлар тұратын ай­мақ­тың волерлары неғұрлым кең болса, олардың жүріп-тұруына да, еркін қимылдауына да ыңғайлы болар еді. Біздегі зообақтарда бұл мәселе әлі де толық шешілген жоқ. Сондықтан басшылықты да, зообақты да сынаушылар көп. Жаңағы айтқан сыннан нәти­же шығарылып, волерлар ке­ңейтілсе, оның ағаштары, де­ко­рациясы бәрі жайнап тұрса, ас-суы таза, дизайны келіскен болса, хай­уанаттарды тамашалауға кел­ген адамдар да жақсы әсермен кетеді, – деген ойда.

Өз кезегінде меценат Хасан Жұмабаев та еліміздегі зообақ­тар­ға суды жақсы көретін жануар­лар­ға қолайлы сарқырама, жасанды су қоймаларын орнату туралы ұсынысын білдірді.

– Алматы зообағына бар­ға­ным­да-ақ аюдың тар қоршауда өмір сүріп жатқаны былай тұр­сын, шомылатын суының сар­ға­йып кеткенін көрдім. Да­­­мы­ған елдерде суды жақсы кө­­­­ре­тін жан-жануарларды үл­кен сарқырамалардың жанына орналастырып, ондағы тем­пе­ра­тураны да бақылап отырады. Бізде аптап ыстықта пілдер мен ақ аюлардың қиналып, ысынап-пысынап, ақырып-шақырып тұрғанын талай көрдік. Бұл арада адамдар үшін қаламызда онсыз да жетіп артылатын аквабақ пен бассейндерді Орталық саябақтың территориясында көбейткенше, суды жақсы көретін жануарларға қолайлы сарқырама, жасанды су қоймаларын неге жасамасқа? – деді белгілі меценат.



Біз жоғарыда айтылған дау­­лы мәселеге қатысты әңгі­ме­лерге жауап алу үшін Ал­ма­­ты зо­обағының кіші ғы­лы­ми қыз­мет­кері Жансая Ах­мет­кә­рім­қы­зы­мен телефон арқылы хабар­лас­тық. Жансая сөз арасында елі­­­міздегі хайуанаттар бағы өз-өзін ақтамайтыны, Алматы хай­уа­­наттар бағы мемлекет арқы­лы қаржыландырылатынын да айтты.

– Мұндағы жан-жануарларға дұрыс күтім жасап, олардың қа­уіп­сіз әрі жайлы өмір сүруіне атса­лысып жатырмыз. Зообақты жақтайтындар да, даттайтындар да бар. Ол қалыпты нәрсе ғой. Бүгінгі таңда зообақтар құрып кету қаупі төнген түрлерді сақ­тау­ға үлкен үлес қосып келеді. Кейбір сирек кездесетін жануар­лар зообақтардың арқасында ғана сақталып, табиғатқа қайта орал­ға­нын бірі білсе, бірі біле бермейді. Бүгін Алматы хайуанаттар бағына 160 камера орнатылған. Сондай-ақ мұнда күндіз 7, түнде 3 мал дә­рі­­гері кезекшілікпен жұмыс іс­тейді. Зообақта қасқырлар 800 шаршы метр мен аюлардың 1300 шаршы метр еркін жүріп-тұруына ыңғайлы, аумағындағы кең, жаңа вольерлер құрылысы жүргізілуде. Жуырда Тянь-Шань қоңыр аюла­ры­на арналған, жалпы көлемі 255 шаршы метр құрайтын волерлер қайта жөндеуден өткізілді, – деп жауап берді зообақ қызметкері.

Ол сондай-ақ Алматы хайуа­нат­тар бағында мал дәрігерлері, биологтар, зоологтар жұмыс іс­тей­тінін, мамандар үнемі тәжі­ри­бе алмасу үшін, біліктілігін арт­тыру мақсатында шетелдегі зоо­бақтарға іссапарларға шығып тұратынын, жуырда зообақ мал дәрг­ерлері Швецияға барып кел­ге­нін жеткізді.

Алматы хайуанаттар бағында жануарлардың туу көрсеткішінен өлу көрсеткіші жоғары деп да­был қаққан тұрғындар үшін Ал­ма­ты зообағының қызметкері Жан­сая Ахметкәрімқызы бізге жан-жануарлардың өлім-жітім, туу көрсеткіштеріне қатысты ста­тис­тикалық мәліметтерді берді.

Деректерге сүйенсек, 2019 жы­­лы Алматы зообағы тапир, зеб­ра, аққолды гиббон мен киік­­терден, құстар арасында таз­қа­­радан, тау қазынан және т.б. жан­­уарлардан төл алған. Зообақта 2017 жылы алынған төлдердің саны – 54 түр, 202 бас, ал өлім-жі­тім саны 88 болыпты. Үш жыл ара­сындағы көрсеткіштерді са­лыс­­тыра отырып 2018 жылы өлім-жітім көрсеткіші едәуір азайғанын да байқадық (59 өлім-жітім). Өкініштісі, төлдеген жан-жануарлардың түрі біраз ке­міген. Атап айтқанда, 37 түр, 830 бас. Бірақ төл саны 4 есеге кө­бейіпті. Ал 2019 жылы 9 ай ішін­де 39 түр бойынша 444 бас төл алынған. Өлім-жітім саны да 45-ке азайған. Қалай болғанда да жағдайдың қалыпты болғаны күдік пен күмәннің сейілуіне септігін тигізері сөзсіз.

Сөз соңында «Алматы зооба­ғын­дағы жағдай өткен жылмен салыстырғанда жақсарды. Сол үшін келер жылы да жоғары нә­ти­­желерге қол жеткізіп, жақсы көрсеткіштерімізбен қуантамыз» дейді зообақ қызметкері.

Не десе де, әсем қала Алма­­ты­дағы, Қарағанды мен Шым­кент қалаларындағы халықтың сүйікті демалыс орнына айналған зообақтардың жұмысы әлі де жіті қадағалауды қажет ететіні анық. Бұл мәселені халық қалаулылары да ескеріп, аталған демалыс ныса­­нындарына жаңғырту жұмыс­та­рын жүргізуге атсалысса, жұмыс бойынша бақылауды күшейтсе, түйдекті мәселенің түйіні де тарқатыла жатар.