Кәсіподақ жұмысшылар мүддесін қорғамақ
Кәсіподақ жұмысшылар мүддесін қорғамақ
229
оқылды

Кәсіподақтар федерация­сы­ның төрағасы Ералы Тоғжа­нов оңтүстік өңірге жұмыс сапа­рымен барып, өлкенің тыныс-тіршілігімен танысты. Шара Кәсіподақтар күнін атап өту аясында өткізілді.

Ол іссапарын Арыс қаласының бас қақпасының салтанатты ашы­­лу рәсімін тамашалаудан бас­­та­ды. Жиында Е.Тоғжанов арыс­тық­тар үшін қиын кезеңде қа­­­­­зақ­­стандықтардың көрсеткен ауыз­­б­іршілігі мен бірлігін айрықша атап өтті.

«Әр қазақстандық зардап шек­кен бауырларымызға қолынан кел­­генше материалдық және әлеу­мет­тік көмек көрсетуге даяр екенін көрсетті. «Бірлігі бар елдің, белін ешкім сындырмас» дегендей, ел басына түскен бұл ауыр жағдай қабырғамызды қайыстырса да, ерік-жігерімізді жасытып, сағымызды сындырмады» деп атап өтті ол.

Айта кетерлігі, Кәсіподақтар федерациясы Арыс қаласын қалпы­на келтіру жұмыстарынан қалыс қал­май, шаһардың аз уақытта қайта гүлденуіне үлес қосып, қала қақпа­сының жөндеу жұмыстарына атсалысты.

Сондай-ақ Ералы Тоғжановтың жұмыс сапары барысында Кәсіпо­дақтар федерациясы мен Түркістан облысының әкімдігі арасында өза­­ра ынтымақтастық туралы меморан­думға қол қойылды. Шара барысында екі тарап әлеуметтік әріптестік деңгейін дамыту және жұмысшылардың құқықтарын тиімді қорғау бойынша өзара үйле­сім тапқан көзқарастарын жеткізді.

Сонымен қатар Е.Тоғжан өңір­­­дегі кәсіподақ мүшелерінің жұ­мы­­сымен танысып, Шымкент қала­сындағы «ЯНС-2» ЖШС та­сы­­­малдаушы-компаниясының кәсіп­одақ мүшелерімен кездес­ті. Бейресми форматта ұйымдасты­рыл­ған кездесуде ол жұмысшыларды толғандыратын мәселе бойынша ой өрбітіп, автопарк қызметімен таныс болды.

Кездесу барысында кәсіпорын­ның үздік кәсіподақ мүшелері Кә­­сіподақтар федерациясы тө­ра­­ға­­сының Алғысхатымен, Құр­мет грамотасымен және «Кәсіп­одақ­тарға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.


Маржан ЕРТІС