Қазақстан Президенті жалпықалалық сенбілікке қатысты
Қазақстан Президенті жалпықалалық сенбілікке қатысты
5,358
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірге Жасыл Қазақстан» шарасының аясында елордадағы Ботаникалық бақта ағаш отырғызып, сенбілікке қатысушылармен сұхбаттасты. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлады.

Шараға Премьер-Министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, спортшылар мен оқушылар қатысты.

Көгалдандыруға арналған сенбілік барысында Ботаникалық бақта 300 көшет отырғызылды. Жалпы бүгін Елорда көшелері мен саябақтарында 5 мың ағаш егіліп, қала ажарын арттыра түспек. Сонымен қатар биыл күзде «Экологиялық сағат» шарасының шеңберінде еліміз бойынша қосымша 1 миллионға жуық көшет егіледі.