«08» аймақта 88,8 пайыз адам дауыс берді
«08» аймақта 88,8 пайыз адам дауыс берді
296
оқылды
Партияішілік праймериз науқанының бірінші кезеңі аяқталды. Алайда кандидаттарды депутаттық мандатпен айдарлауға әлі ерте. Себебі алда бірнеше кезеңнен тұратын додалар бар. Десе де Жамбыл облысының  әкімі Бердібек Сапарбаев Nur Otan партиясы өңірлік  филиалының мәжіліс залында праймеризге  қатысқан үміткерлермен кездесіп, саяси науқанда белсенділік танытқандары үшін алғысын білдірді.
- Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған праймериздің нәтижесі жаман емес. Облыста партияның 54 мыңға жуық мүшесі болса, соның 88,8 пайызы дауыс берді. Адам санымен келгенде бұл республика көлемінде 4 орын. 767 кандидат додаға түссе, соның 111-ін бастауыш партия ұйымдары ұсынды. Үміткерлердің 30 пайызы әйелдер болса, 25 пайызы жастар. Сондай-ақ көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да өз бақтарын сынап көрді. Тұңғыш өткізіліп отқан саяси науқан үшін бұл өте жақсы  көрсеткіш. Ал халық  өзі жақсы білетін, еңбегін бағалайтын адамға дауыс берді деп ойлаймын. Енді оза шапқан кандидаттарға келесі кезеңдерден де сүрінбей өтулеріне тілектеспін.  Әрине басқа да партиялар сайлауға түсетіні белгілі. Алайда сіздерге артылар сенім мол. Праймиризге белсене қатысып, өз тадауын жасаған партияластарыма алғысымды білдерімін, - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ Бердібек Машбекұлы кандидаттардың қатысуымен өткен 3000-ға жуық кездесуде 1500-нан аса өтініш келіп түскенін және  барлық мәселелер бойынша нақты шаралар қолға алынатындығын айтты. Кездесуде кандидат Мейрамбек Төлепберген, Гулам Умаров және Айгүл Ақшалова да сөз алып, праймериз өмір жолдарындағы үлкен тәжірибе болғанын  тілге тиек етіп,  үзеңгілескен барша үміткерлерге алғысын білдірді.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы