Әйелінің бетін тілгілеп тастаған ер адам 4 жылға сотталды
Әйелінің бетін тілгілеп тастаған ер адам 4 жылға сотталды
150
оқылды
Ақтөбеде әйелінің бетін тілгілеп тастаған ер адам 4 жылға сотталды, - деп хабарлады №2 Ақтөбе қалалық соты. Ведомствоның мәліметінше, ақтөбелік Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айыпты деп танылды.
«С.Бекенов Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтесін», - деді судья Жанат Қуанышов.
Жәбір көрген әйел сотталушыны бас бостандығынан айырмауды сұраған. Десе де,  сот оған келісім бермеді. Сот үкімі күшіне енген жоқ.