Малышева коронавирустың үйде емдеуге болмайтын белгілерін атады
Малышева коронавирустың үйде емдеуге болмайтын белгілерін атады
220
оқылды
Тележүргізуші және медицина ғылымдарының докторы Елена Малышева коронавирустың үйде емдеуге болмайтын белгілерін айтып берді. 
Оның айтуынша, науқас температура мен қандағы оттегі секілді көрсеткіштерге мұқият болуы керек. Атап айтқанда, дәрі ішкеннен кейін температура 38,3-тен жоғары болса, жедел жәрдем шақыру қажет. Сондай-ақ оксиметр оттегіні 94 проценттен аз көрсеткенде дабыл қағу керек.
Сонымен қатар Малышева тыныс алудың ауырлауына назар аударуға кеңес берді.
"Ентігу сөйлеуге кедергі келтірсе, ұйықтап жатқанда немесе аз жұмыс істегенде пайда болса дәрігерге қаралу керек", — деді ол Инстаграм-дағы парақшасында.