«Бұл қондырғыны бір ауруханада сынап көру керек. Егер оң нәтиже берсе, басқа да емдеу мекемелеріне енгізуге болады. Қазіргі кезде мұндай құрылғы ауадай қажет екені белгілі», - деген облыс әкімі жоба авторлары Абылай Сыдықов пен Анелия Әбдімалікке 1 000 000 теңгенің сертификатын табыс етті.Ал мектеп оқушылары Еламан Сұлтан мен Серік Мақсат ғарыштық әмбебап орбиталды кешеннің жобасын ұсынды. Бұл қондырғы жер шарын түрлі астероидтар мен кометалардан құтқаруға қауқарлы. Оны ғарышқа жеткізетін зымыранның да жобасын оқушылар дайындап қойған. [caption id="attachment_78119" align="alignnone" width="1200"] © Сурет облыстың баспасөз қызметінен[/caption] Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының тағы бір тың жаңалығы – олар мал ұрлығын азайтатын чипті де ойлап тапқан. Аталған GPS-тректің көмегімен төрт түлікті 45 күн бойы қайда жүргенін бақылауға болады. Міне, осылайша тараздық оқушылар тың құрылғылар ойлап тауып, айды аспаннан шығарып отыр. Бұл сөз жоқ бас бармақпен бағалауға тұрарлық.
Саятхан Сатылған,
Жамбыл облысы