Оралда 85 жастағы кейуана мен оның мүгедек ұлын өлтіргендерге сот үкімі шықты
Оралда 85 жастағы кейуана мен оның мүгедек ұлын өлтіргендерге сот үкімі шықты
254
оқылды
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 85 жастағы кейуана мен оның мүгедек ұлын өлтіргендерге үкім шықты. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 28 жастағы Андрей Тюклин 23, 27 жастағы Михаил Зимнухов 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ұрлық жасағаны үшін 29 жастағы Әсет Қибашев 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жеке үйден екі адамның мүрдесі табылғанын, кейуана мен оның мүгедек ұлын өлтірген күдіктілердің ұсталғанын жазған болатынбыз. Онда 1935 жылғы Матрена Кулакова мен оның 1959 жылғы ұлы, сал ауруына шалдыққан Константин Кулаковты өлтіргендердің қалай қолға түскені айтылған еді.