Несиені мерзімінен кешіктіріп төлейтіндер көбейген
Несиені мерзімінен кешіктіріп төлейтіндер көбейген
424
оқылды

Қазақстандықтар банктерге 713 миллиард теңге қарыз.

Ұлттық банктің мәліметінше, биыл 1 қыркүйекке дейін қаржы институттары жеке тұлғаларға 5,8 трлн теңге, заңды тұлғаларға 3,8 трлн теңге қарыз берді.

Оның ішінде, мерзімі өткен қарыздары бар несие көлемі (90 күннен астам) жеке тұлғаларда 441,4 млрд теңгеге, заңды тұлғаларда – 271,6 млрд теңгеге жетті. Осылайша, жалпы қарыз сомасы 713 млрд теңгеге жеткен. Былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 16,7%-ға немесе 102,3 млрд теңгеге өсті.

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың бір күннен 90 күнге дейін кешіктірген несие көлемі 267 млрд теңгені, заңды тұлғаларда – шамамен 79 млрд теңге.