Атырауда жолаушылары бар автобус аударылды
Атырауда жолаушылары бар автобус аударылды
226
оқылды

Бұл жағдайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«8 қазанда сағат 14:00 шамасында Самал ықшамауданының №9 және №15 көшелерінің қиылысында Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі қосалқы жолдан кетіп бара жатып, негізгі жолдан өтіп бара жатқан Toyota Coaster автобусымен соқтығысқан», - делінген хабарламады. 

Соқтығысу нәтижесінде автобус аударылып қалды. Жол апатынан автобустың үш жолаушысы зардап шекті. Медициналық тексеруден және алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олардың барлығы үйлеріне жіберілді.