Ардагер балуан 58 жаста алтын медаль иеленді
Ардагер балуан 58 жаста алтын медаль иеленді
359
оқылды

Қазақстандық балуан Қасенхан Серғазиев әлем чемпионы атанды.

Ол Тбилисиде өтіп жатқан ардагерлер арасындағы әлемдік жарысқа қатысқан. Грек-рим күресінен өз салмағында қарсылас шақ келтірмеді. Шешуші сында түрік балуанын есеп басымдығымен жеңді.

Осылайша, Қасенхан Серғазиев дүниежүзілік додада топ жарып, алтын медальға ие болды.

Ардагер спортшының жеңісі жас балуандарға үлгі болса екен. Себебі, жуырда Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында ұлттық құрама бірде-бір алтын медаль иеленген жоқ.