Қазақстанда ет, нан және жарма бағасы қымбаттады.
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, елдегі қаржы нарығындағы жағдай тұрақты.
— Инфляция таргеттелген 4-6 пайыздық дәлізінен асқан жоқ. Қыркүйекте жылдық инфляция 5,3 пайызға дейін баяулады. Алдыңғы айда ол 5,5 пайыз болған еді. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияға барынша әсер еткенін атап өту керек. 2017 жылдың басынан бері ол ең жоғарғы 9,1 пайыздық деңгейге жетті. Ет бағасы — 13,5, нан, тоқаш өнімдері мен жарма бағасы 12,7 процентке өсті. Олардың инфляциялық үлесі – 1 пайыз. Бұл тауарлар әлемдік баға мен экспорт көлемі өскендіктен қымбаттады, — деді Ерболат Досаев.