Бюджетке 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс президент сайлауын өткізуге Үкімет резервінен бөлінген қаражат қайтарылады. Бұл туралы Ашық үкіметтің сайтында жарияланған.
Құжатта сайлауға 9,4 млрд теңге бөлінгені бірақ нақты жұмсалған қаражат 8,49 млрд теңгені құрағаны жазылған (оның 8,9 млрды Орталық сайлау комиссиясы жұмсаған қаражат, ал қалған 40 млны – Сыртқы істер министрлігі жұмсаған қаржы).
Шығындар жасалған келісімшарттарға қаражатты үнемдеу және СІМ қызметкерлері жасаған іс-сапарлар мерзімінің қысқаруына байланысты азайған.
Қолданылмаған қаражат көлемі 458 миллион теңге. Ақша Үкіметтің резервіне қайтарылады.
Көктемде сайлау өтпес бұрын ОСК сайлауға 12 млрд теңге сұрады, бірақ қаржы министрлігі бұл соманы 9,4 млрд-қа қысқартты.