Алматыда праймериз бақылаушылары партияішілік іріктеудің жоғары ұйымдастырушылық деңгейін атап өтті.
Бақылаушылардың басым бөлігі өз әсерімен әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында бөлісті. Олардың ішінде Рита Боранбай, Равиль Сәтімбеков, Эльмира Кенжебаева, Гүлзат Мамиева, Қуаныш Сисембаев, Мұхтархан Шоқан, Амангүл Төлеева, Әділ Саттар және басқалар бар. Олар ең алдымен сайлау учаскелерінің дайындықтарының жоғары болғанын, ұйымдастырушылық деңгейі көңілге қонатынын, сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби тәжірибесін атап өтті.
Естеріңізге салсақ, Алматыда 3 қазан күні сегіз аудан бойынша дауыс беру учаскелердің өзінде жүзеге асырылды. 37 сайлау учаскесінде праймериз кандидаттарынан барлығы 83 бақылаушы болды. Партия мүшесі болып табылатын белгіленген ереженің сақталуын қадағалайтын бақылаушыларды праймериз кандидаттарының өздері тікелей анықтады.
⠀⠀