LS сайты еліміздегі бензин мен дизель отыны бағасына талдау жасады.
Статистика комитетінің дерегінше, жыл басынан бері АИ-92 маркалы жанармайы 3,5% арзандаған. Мәселен, 2019 жылдың қаңтарында АИ-92 бағасы 152,07 теңге болса, қыркүйекте 146,74 теңгеге түскен.
АИ-95 жыл басынан бері 2,4% төмендеп 169,38 теңгеге, АИ-98 бензині – 1,8% арзандаған. Ал, жаздық дизель отынының бағасы аса өзгермеген.
Бұл тұрғыда, ең қымбат (154 теңге) АИ-92 бензині Ақтауда тіркелген. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Павлодар және Петропавл қалаларында оның бағасы 150 теңгеден сатылса, ең арзан бензин Атырау мен Оралда тіркелген – 142 теңге.
Ал, ең қымбат дизель отыны Атырау мен Көкшетауда (198 теңге) болса, ең арзаны Таразда – 190 теңге.